Line Brew Bottlers зауыты – сыра қайнату өнерінің озық технологиялары үйлесетін заманауи кәсіпорын. Біздің зауытта әлемдік стандарттар деңгейінде сыра өндірісін қамтамасыз ететін жоғары сапалы австрия жабдықтары қолданылады.
15 жылдан астам уақыт бойы біздің холдинг әлемдегі жетекші өндірушілердің сырасы мен ауыз суын қоса алғанда, алкогольді және алкогольсіз сусындарды импорттаумен табысты айналысып келеді. Осы салада бай тәжірибе мен білімді жинақтай отырып, біз отандық сыра мен табиғи ауыз су өндіретін зауыт салу туралы стратегиялық шешім қабылдадық. Тұтынушыларға сапасы мен дәмдік сипаттамалары бойынша үздік әлемдік брендтерден кем түспейтін өнімдерді ұсыну біздің борышымыз.
ыра өндірісінде сапалы компоненттерді импорттауға болады: ашытқы, құлмақ және тағы басқалар. Су – басқа елдерден қажетті көлемде жеткізілмейтін жалғыз және ең маңызды ингредиент. Сондықтан біз зауыттың орналасқан жерін таңдау мәселесіне айрықша көңіл бөлдік.
Қазақстан бойынша әртүрлі көздерден көптеген су сынамалары мен сынақтары жүргізілді. Осы мәліметтер негізінде зауытты Алматы облысының Қарасай ауданында салу туралы шешім қабылданды. Себебі, бұл жерде мөлдір артезиан суы бар экологиялық таза ұңғымалар орналасқан.
Бұл табиғи негіздің жоғары сапалы құрамбөліктермен үйлесімділігі жетістігіміздің іргетасы болып табылады. Біз әлемнің үздік брендтерімен оңайшылықпен бәсеге түсе алатын өнімдер жасаймыз.
Сізді Line Brew Bottlers көмегімен нағыз сыра қайнату әлеміне шақырамыз, бұл — дәстүрлер мен инновациялар үйлесетін және жоғары сапаның стандартқа айналатын орны.
Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз бүкіл ел бойынша сауда желілерінде де, тамақтану орындарында да кеңінен ұсынылған.
Line Brew Bottlers